Фармакологиялық қадағалау


Медициналық ақпарат және жағымсыз оқиғалар туралы есеп беру

Телефон арқылы сіз «Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ-ның дәрілік заттарына қатысты туындаған барлық сұрақтарды қоя аласыз.

Телефон нөміріміз: +7(727) 399-50-50 (ішкі 8196, 8121)


НЫСАНДЫ ТОЛТЫРУ

Біздің компания, фармакоқадағалауды басым бағыт деп жариялайды, ал бұл өз кезегінде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің біздің дәрілік заттарымыздың қауіпсіз қолдануын қамтамасыз етеді. Фармакоқадағалау аясында тиісті реттеуші органмен өзара әрекет жасалады.

«Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ компаниясы дәрілік заттарын қауіпсіз қолдану үшін әрдайым пациенттер мен медицина қызметкерлеріне жаңартылған ақпаратты жеткізіп тұрады, және дәрілік заттардың ағымдағы қолданылуына қатысты туындаған барлық сұрақтар мен мәселелерді шешуге кепілдік береді, сондай-ақ медициналық ақпаратты тәулік бойы беруді ұйымдастырады.

Дәрі-дәрмектерді қолданғанда, организмнің ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі реакциялардың туындауы мүмкін. Жағымсыз реакциялар (әсерлер) тіпті ең жоғары технологиялық деңгейде және сапаны бақылаумен әзірленген және өндірілген дәрі-дәрмектерді қолданғанда да туындауы мүмкін; Барлық дәрі-дәрмектердің жағымсыз әсерлері болады. Фармакоқадағалаудың міндеті — қазіргі заманғы дәрі-дәрмектердің артықшылықтарын барынша толық қолдануға мүмкіндік беретін тәуекелдерді дұрыс басқару (дәрі-дәрмектердің жағымсыз реакцияларына қатысты тәуекелдерді).

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ өзінің кез келген өнімін қолдануға байланысты туындаған әрбір жағымсыз әсерді анықтауға және тіркеуге бағытталған фармакоқадағалау жүргізеді. Біздің компаниямыздың міндеті — дәрілік заттардың қолданылуын қауіпсіз ету және жағымсыз реакцияларды болдырмау. Компания қызметкерлері өз міндеттерін жақсы біледі және фармакоқадағалау процесіне қатысып тұрады.

Фармакоқадағалау — біздің ортақ жауапкершілігіміз болып табылады және бір уақытта пациенттерді және компания өнімдерін қорғау – біздің ортақ мүддеміз.



Барлық сұрақтар немесе ұсыныстар?

Сізге ыңғайлы телефонда бізге хабарласыңыз немесе бізге жазыңыз.

Контактілерді көру

Біздің компанияның таныстырылымын қараңыз

Көріңіз
˄