Өндіріс

Кәсіпорын Алматы қаласында 10 мың шаршы метрден астам аумақты алып жатыр, мұнда негізгі және қосалқы өндірістік нысандарға, қоймаларға арналған жерлер, сондай-ақ одан әрі даму үшін керек резервтік жерлер бар. Барлық қажетті көліктік және энергетикалық коммуникациялар қолда бар.

«Нобель АФФ» АҚ-да қатты, сұйық және жұмсақ дәрілік заттарды өндіретін арнайы 6 өндірістік цех (бөлім) бар. Өнімдердің жоғары сапасы өндіріс орындарын жоғары технологиялық жабдықпен жабдықтау арқылы қамтамасыз етіледі. Өндіріс өндірістің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи импорттық жабдықтармен жабдықталған. Өндірістік цехтардағы қазіргі қолда бар технологиялық жабдықтары — Италия, Үндістан, Германия, Швейцария, Түркия, Оңтүстік Кореядағы атақты фирмалардікі.


Қолданылатын технологиялық жабдықтардың жиынтығы әмбебап болып табылады және бұл әртүрлі дәрілік заттарды өндіріп шығаруға мүмкіндік береді. Компанияның бір жылдық өндірістік қуаты 750 млн. таблетка, 250 млн. капсула, 20 млн. сироп пен суспензия флакондары, 10 млн. кремдер мен гельдер түтікшелерін құрайды. Өндірістік процестің барлық сатылары автоматты түрде сынақтан өтеді және микробиологиялық тазалыққа сертификатталады. Аралық және соңғы өнімнің сапасы заманауи аналитикалық жабдықпен жабдықталған компанияның аккредиттелген зертханасында бақыланады. Бүгін «Нобел АФФ» АҚ-ның өнімдерінің ассортименті 300-ге жақын дәрілік заттардан тұрады. Бұл жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және жүйке жүйесін, асқазан-ішек жолдарын ауруларын емдеуге арналған, бактерияға қарсы, вирусқа қарсы, зеңге қарсыб қабынуға қарсы, ауыртпайтын, қызуды басатын және тағы басқа дәрілік заттар.

Ұлттық және халықаралық органдармен сертификатталған «Нобель АФФ» АҚ халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейді. Компанияда ISO 9001:2015 және ISO 17025 сертификаттары бар, олар «Нобель АФФ» АҚ сапасын растайды. Ұлттық және халықаралық денсаулық сақтау қызметтері фармацевтикалық өндіріс нысандарының сапасына, сондай-ақ фармацевтикалық өнімдердің тиімділігін бақылауға және зерттеуге үлкен көңіл бөлуде. Сондай-ақ, тиісті өндірістік практика (GMP) жоғары стандарттарын анықтайды, фармацевтикалық өнімнің сапасын бағалау туралы мемлекеттік заңға сәйкес сараптама жүргізеді. Нобель АФФ — GMP сертификатын алған Қазақстан Республикасының алғашқы фармацевтикалық өндірушілерінің бірі.

Компания туралы

2002 жылы

2002 жылы құрылған Нобел АФФ ТМД елдеріне өз қызметін кеңейтумен қатар, Қазақстандағы жетекші отандық дәрілік заттардың өндірушісі болып табылады.

2003 - 2010 жыл

Компания алты дәрілік затты құны 35 миллион АҚШ доллар тұратын заманауи өндірістік жабдықта өндіре бастады. Нобел АФФ Қазақстанда ең ірі сауда желісі және сауда менеджерлері бар, және кең қолдану саласын қамтитын рецепттік және рецептсіз өнімдерді ұсынды.

2012 жылы

Компанияда Нобел АФФ-ның жоғары сапалы өнімдерін Қазақстан Республикасы және басқа ТМД елдері азаматтарына қол жетімді ету үшін 300-ден астам маман жұмыс істеуде.

2013 - 2020 жылдар

40 млн АҚШ долларынан асатын сомаға инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, GMP халықаралық стандарттары бойынша үш жаңа өндірістік алаң салынды.

2020 - 2022 жыл

Онкологиялық препараттарды өндіретін № 6 ҚТТЦ салуға 5 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылды. Бүгінгі таңда, Нобел АФФ АҚ фармацевтикалық нарықта сан алуан дәрілік түрлер мен дозадағы 228 дәрілік препарат түрінде ұсынылған 104 молекуланы өндіреді. Тіркеу куәлігінің иесі болып табылтын Нобел АФФ АҚ өнімдері тізімінде 62 импорттық өндіріс өнімі, соның ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бар. Нобе АФФ АҚ, ҚР аумағында тіркелгенін растайтын және медициналық мақсатпен қолдануға рұқсат беретін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған 290 тіркеу куәлігінің иесі болып саналады. Қазіргі уақытта, «Нобел АФФ» АҚ-ның штатында 500-ден астам қызметкер бар.

Сертификаттар

Барлық сұрақтар немесе ұсыныстар?

Сізге ыңғайлы телефонда бізге хабарласыңыз немесе бізге жазыңыз.

Контактілерді көру

Біздің компанияның таныстырылымын қараңыз

Көріңіз
˄