Қазақстандық фарминдустриясы мен COVID-19. Әсерлері мен болашаққа болжам

Қазақстандық фарминдустриясы мен COVID-19. Әсерлері мен болашаққа болжам
18.06.2020 Пікірлер: 0

Соңғы 3-4 айда бүкіл әлем қиын бен бұрын болып көрмеген жағдайды басынан өткізді. Шын айтқанда біз бәріміз өміріміздің барлық саласына әсер еткен ғаламдық пандемияның куәгерлеріне айналдық. Ол Қазақстандық фармацевтикалық нарығына мен отандық өндірушілеріне қалай әсер еткендігі туралы бізге Қазақстандағы ірі фармацевтикалық кәсіпорындардың бірі – «НОБЕЛ Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ бас директоры Сельчук Танрыверди (Selcuk Tanriverdi) мырза айтып берді.

Сельчук мырза компанияңыз COVID-19-ға байланысты төтенше жағдайды қалай басынан өткізгендігі туралы айтып берсеңіз?

- Әрине, COVID-19 пандемиясы бүкіл әлем елдеріне айтарлықтай қиын мәселеге айналды. Аса қатал ғаламдық пен жергілікті шектеулер енгізелітіндігін тіпті ешкім де білмеп еді. Әлем тұңғыш рет карантин бен осындай масштабтағы әлеуметтік оқшаулануға тап болды. Коронавирус инфекциясы таралмауы мен аурудың өсуін болдырмауы, денсаулық сақтау жүйесіне дайындыққа уақыт беру үшін, SARS-COV-2 вирусының қасиеттері, таралу түрлерін және аурудың барысы (ағымы) мен емдеу әдістері туралы көбірек жалпы ақпарат алу үшін, Қазақстанның бірқатар айтарлықтай тиімді шараларын қолданғанын тиісінше мойындау керек.

Жалпы айтқанда, фармацевтикалық өнеркәсіп өндірілетін өнімнің жоғары қажеттілігі себебінен, әсіресе мұндай жағдайда, әрине, «алдыңғы қатарда» болды және қиындықтарсыз болмады. Біз бәріміз әлем елдерінің өз шекараларын жауып тастағандығын білеміз. Көптеген фармацевтикалық субстанциялардың жеткізушілері өз жұмыстарын тоқтатты немесе шектеді. Аса жоғарғы сұранысқа ие шикізаттарға бағалар көтерілді. Кейбір субстанциялардың негізігі әлемдік жеткізушілері болып табылатын елдер, тіпті экспортқа эмбарго қойды, мысалы, парацетамолға, антибиотиктерге және т.б.

Осыған қарамастан біздің кәсіпорын өз жұмысын жалғастырды. Еліміздің медициналық мекемелеріне мен халқына дәрілерді уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету үшін біз бір күнге де тоқтаған жоқпыз.

- Фабрикада COVID-19 алдын алу үшін қандай шаралар қолданылып жатыр?

- Өндірістік цехтағы барлық процестер халықаралық GMP стандарттарына сәйкес жүргізілуде. Оларда әрқашан (пандемиясыз-ақ та) қызметкерлердің гигиенасына, бөлмелер, жабдықтар, киімдер тазалығына қатал ережелер сақталуда, ал оларға кіретін ауа көп сатылы тазалаудан өтеді.

Ал офистегі жағдай айтарлықтай өзгерді. Біз Қазақстан Республикасы мен Алматық қ. бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулыларын қатал ұстанып келе жатырмыз. Кәсіпорында күшейтілген дезинфекциялық режим сақталуда, санитарлық-гигиеналық талаптар бұлжытпай орындалуда. Бекітілген график бойынша арнайы компаниялар жасайтын дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Ғимаратқа кіреберісте дезинфекциялық туннель орнатылған. Әлеуметтік қашықтықты бұзбау үшін қызметкерліміз арнайы графикпен тамақтарын ішеді. Олар маска режимін қатал сақтап жүр. Бөлмелерде құрамында спирт бар дезинфекциялау заттары бар санитайзерлер орнатылған және онда жұмысшылар қолдарын жиі жуады.

Сонымен қатар, бізде сағатына 150 г озон өндіріп шығаратын озонатор бар. Озон жалпы желдету жүйесіне ауаны залалсыздарндыру үшін беріледі. Бірақ бұл процедура барлық қызметкерлер ғимараттан шығып кеткеннен кейін ғана жүргізіледі. Сондай-ақ ауа желдету жүйесінде орнатылған ультракүлгін лампалар арқылы да дезинфекциядан өтеді. Бұл процес тәулігіне 24 сағат бойы үздіксіз жүргізіледі.

- Компанияңыз медициналық мекемелерге көмек көрсетті ме?

- Тез арада қанағаттандыруды талап еткен өте үлкен сұраныс болған еді. Барлық фармацевтикалық компаниялар денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін қорғану құралдарымен, ал науқастарды – дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге көмектесуге тырысты. Гуманитарлық көмек аясында «НОБЕЛ Алматы фармацевтикалық фабрикасы» және оның басты кәсіпорны – Түркияның ең ірі фармацевтикалық өндірушілерінің бірі NOBEL ILACH – Қазақстанға дәрігерлерге қорғану құралдары мен жаңа COVID-19 коронавирус инфекциясының асқынуларын емдеуге дәрі-дәрмектерді жіберді. Мұнымен қатар біз «СК-Фармация» ЖШС үшін парацетамол дәрілік заттарын қайырымдылық ретінде жөнелтіп жібердік, кейінірек олар Қазақстан Республикасы медициналық ұйымдарына қажеттілікке қарай одан әрі таратылды және Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау қызметкерлеріне инфекциялардан жоғарғы дәрежеде қорғайтын медициналық маскаларды жібердік.

- Қазіргі кезде күзде бізді пандемияның екінші толқыны болады деген болжам өте жиі айтылып келеді. Сіз оған дайынсыз ба?

- COVID-19 екінші толқыны шынымен бола ма, мұны ешкім дәл нақты білмейді. Себебі алдыңғы жылдары әлем SARS пен MERS деген коронавирус инфекцияларының жергілікті эпидемияларын бастан өткізген еді, бірақ олар өздігінен жоқ болып кетіп, ғаламдық пандемияға айналмаған еді. Алайда SARS-COV-2 вирусы кейбір ерекшеліктерге ие, олар оның тарауына жақсы жағдай жасап, адамның ағзасына енуіне мүмкіндік береді. Сондықтан биылғы жылғы жаңа коронавирус инфекциясына қатысты басқа қауіптер бар және мүлдем басқа болжамдар жасалуда. Қалай болса да, біз дайын болу керекпіз, сондықтан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар шаралар қолдануда. Олар отандық (өзіндік) өндірісті, бірінші кезекте, жеке қорғану құралдарын кеңейтуге бағытталған. Мұнымен қатар Қазақстан Республикасының өзінде COVID-19 мен оның асқынуларын емдеуге қажет болуы мүмкін дәрілерді өндіріп шығару мүмкіндігі қарастырылуда.

Енді «НОБЕЛ АФФ» АҚ ассортиментінде осы ауруды емдеуде қолданылатын дәрілік заттар бар. Бұл құрамында парацетамол бар дәрілік заттар мен антибиотиктер.

- Сіздің ойыңызша қазіргі пандемия қазақстандық фармацевтикалық нарығына, атап айтқанда, отандық өндірушілерге қалай әсер етеді деп ойлайсыз?

- IQVIA халықаралық аналитикалық компаниясының деректеріне сәйкес, 2019 жылғы қорытынды бойынша қазақстандық фармацевтикалық нарығының көлемі құндық көріністе 14%-ға өсіп, 514 млрд теңге (1,34 млрд АҚШ долларын) құрады. Заттай көріністе нарық көлемі 1,9%-ға, яғни 0,60 млрд қаптамаға азайды. Сөйтіп, біз дәрілерді тұтынудың біраз төмендегенін байқап отырмыз. 2019 жыл барлық фармацевтикалық нарық қатысушылары үшін айтулы жыл болғандығын атап айтқан жөн, себебі бөлшектеп сатылатын дәрі-дәрмектер бағасының мемлекеттік реттеу енгізілген болатын; этикалық алға жылжыту ережелері бекітілді; рецепттерді жазып беру ережелері өзгертілді (енді оларда саудалық атау емес, халықаралық патенттелген емес атау көрсетіледі, күрделі құрамы бар дәрілік заттардан басқа және жеке көтере алмаушылық жағдайлардан басқа). Осындай маңызды өзгерістерге қарамастан, жергілікті фармкәсіпорындар белсенді дамуда және өзінің үлесін нарық көлемінде ұлғайтуда, ал бұл өте маңызды, әсіресе осындай күрделі экономикалық жағдайларда және реттеушілік ортадағы өзгеріс жағдайларында.

2020 жылдың алғашқы үш айларында біз дәрілік заттардың сатулы көлемдерін бұрын болмаған өсуін бақыладық – құндық көріністе де, заттық көріністе де олар 24%-ға өсті. Адамдар карантин алдында дәрі-дәрмектерді артық сатып алды. Алғашқы төрт ай қорытындысы бойынша, яғни сәуірді қоса санағанда, жағдай түзелді, себебі сәуір айында адамдар негізінен үйлерінен шықпады және дәрі-дәрмектерге сұраныс өте төмен болған.

Пандемия ғаламдық өзгерістерді әкеледі. Бұл туралы қазір көптеген саясаткерлер, аналитиктер, көзқарас көшбасшылары айтуда. Бұл денсаулық сақтасына қалай әсер етеді? Енді адамдар өз денсаулығына біршама жауапты қарайтын шығар. Респираторлық инфекциялық аурулардың алдын алу шаралары туралы жалпы әлемдік ақпараттық кампания жүргізілген болатын. Санитарлық-гигиеналық талаптар күшейтілді. Адамдарға қалай және қашан қол жуу керек екендігі үйретілді. Бұл қарапайым шара, бірақ бұл парадоксалды болса да, бұл үлкен инновация болып табылады, яғни бұл респираторлық инфекциялармен ауру көрсеткіштерін төмендетуге мүмкіндік береді және ақырында антибиотиктерді тұтынуды төмендетуге де әкелуі әбден мүмкін.

- Компания өзіне қандай даму бағыттарын басты деп таңдап алды?

- Бізге қазақстандық денсаулық сақтау саласына шын көмек беріп, біздің тұтынушымызға сапалы өнімді шығару өте маңызды. Соңғы 2-3 жылда компания өндіріс көлемдерінде және дәрілік заттарды сатуда жақсы өсім көрсетуде (ККТМК сатып алулар саласында да, МӘМС жүйесінде де, қазақстандық фармнарық сегментіндегі бөлшектік сауда да). Жалпы айтқанда, «НОБЕЛ АФФ» қазақстандық нарықтағы көшбасшылар компанияларының үштігіне әрдайым кіріп келеді.

Біз өндірілетін өнімнің ассортиментін кеңейті бағытында белсенді жұмыс істеп келеміз. Қазіргі таңда «НОБЕЛ Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ-да 5 өндіріс алаңдары бар, олар GMP (Good Manufacturing Practice, тиісті өндірістік тәжірибе) халықаралық стандарттар талаптарына сай келеді. Айтпақшы, дәл «НОБЕЛ АФФ» – ДДСҰ эксперттері қатысуымен инспекциядан сәтті өткен және GMP сертификатын алған тұңғыш қазақстандық компания болды. Фабрикамызда әртүрлі фармакотерапевттік топтардағы 250 сауда атауы бар дәрілік заттар – таблеткалар, капсулалар, кремдер, майлар, сироптар түрінде өндіріліп шығарылады. Атап айтқанда: вирусқа қарсы, бактерияға қарсы, зеңге қарсы, ауруды басатын, қызуды басатын, қабынуға қарсы, психоневрологиялық ауруларды емдейтін, гистаминге қарсы дәрілік заттар және тағы басқа дәрілік заттар.

Бұған қоса бізге өнімнің экспорты де өте маңызды. Біз экспортталатын өнімнің көлемін өсуі үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз, өйткені мұнсыз кәсіпорынның кейінгі дамуы мүмкін емес. Қазіргі кезде біздің кәсіпорында шығарылатын өнімнің 25%-ы экспортталады. «НОБЕЛ АФФ» АҚ-ның бұл бағытта басқа қазақстандық дәрілерді өндірушілерді едәуір озатындығын атап өткім келеді.

Компания ірі жұмыс беруші болып табылады және ірі салық төлеуші ретінде Алматының дамуына елеулі үлесін қосуда.

Пандемия кейбір дәрілік заттардың фармацевтикалық субстанциялар өндіріс ел ішінде болғаны жөн екендігін көрсетті. Өйткені басқа елдер өндірісін тоқтатып тастауы мүмкін, немесе шекараларын жауып тастауы мүмкін, немесе қажеттілік өте жоғары болғандықтан оны тез қанағаттандыру мүмкін емес болуы мүмкін. Біз Қазақстан аумағында бірнеше фармацевтикалық субстанциялардың өндірісін қолға алмақшымыз. Бізде біршама тәжірибе бар екендігін айтқым келеді, біздің кәсіпорында бір субстанцияның синтезінің пилоттық (сынамалы) жобасы жүзеге асырылған. Әрине, бұл мүлдем басқа технологиялар, басқа тәжірибе, басқа білім, және ең бастысы басқа кадрлар. Тәжірибелі адамдарды табу өте қиын, біздің мамандарымызда оқытатын шет ел мамандарын тартуға тура келеді.

Әңгімеміздің соңында, мен қазақстандық фармацевтикалық индустриясы өте жас екендігін атап өткім келеді, бірақ қысқа мерзімде ол үлкен нәтижелерді көрсете алды. Алғашқыда даму векторы GMP халықаралық стандарттарын енгізуге бағытталған болатын, бірақ бүгін біз алдымызға жаңа, күрделірек мақсаттар қойдық және оларға біз жетуіміз керек.

- Сұхбат бергеніңізге үлкен рахмет, сіздерге сәттіліктер тілейміз.

Пікіріңізді қалдырыңыз
және сіз не ойлайтынымызды білетін боламыз!

Барлық сұрақтар немесе ұсыныстар?

Сізге ыңғайлы телефонда бізге хабарласыңыз немесе бізге жазыңыз.

Контактілерді көру

Біздің компанияның таныстырылымын қараңыз

Көріңіз
˄